Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталған жағдайда қай мемлекеттер қауіпсіз болады?

International SOS and Control Risks саяхаттау қызметінің мамандары Үшінші дүниежүзілік соғыс болған жағдайда қай елдерде қауіпсіз болатынын атады.

Үшінші дүниежүзілік соғыс болған жағдайда қай мемлекеттер қауіпсіз болады?

Бұл туралы Express басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталған тізімде Лихтенштейн ергежейлі мемлекеті көш бастады. Онда көшедегі полицейлер саны көп болғандықтан әрі Аустрия мен Швейцария тәрізді бейбіт елдердің арасында орналасқандықтан, мамандар бұл мемлекетті қауіпсіз деп тапқан.

Ал екінші қатарға Гренландия жайғасты. Ол қашық орналасқанына байланысты, шиеленістер мен қақтығыстардан тыс қалады. Сонымен қатар мамандар Гренландияда қылмыс саны аз болғандықтан, оны мінсіз пана деп бағалады.

Сондай-ақ, ең қауіпсіз мемлекеттер қатарына Люксембург енді. Мұнда денсаулық сақтау және қауіпсіздік салалары жақсы дамыған. Мамандардың пікірінше, мұндағы ең сұмдық қылмыс – қалта ұрлығы.

Бқдан бөлек, тізімде Исландия мемлекетіне де орын табылды. Бұл мемлекеттің өз әскері жоқ және қылмыс деңгейі өте төмен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау