Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үшем күтіп жүрген әйелдің іші желі қолданушыларын шошытты (фото, видео)

Үшем күтіп жүрген бұл әйел әзірге жүктіліктің 35-ші аптасында. Десе де оның үлкен ішінің суреті мен видеосы сізді қазірдің өзінде таңғалдыратыны сөзсіз.

Үшем күтіп жүрген әйелдің іші желі қолданушыларын шошытты (фото, видео)

36 жастағы Мария Норвегия елінің тумасы. Қазіргі уақытта Марияның отбасы екі қыз бен бір ұл күтіп жүр.
Әйел жүктілігі қалай өтіп жатқанын көрсету үшін Instagram-да жеке парақша ашқан. Үлкен ішінің “төмен түсіп кетпегеніне” Марияның өзі де аң-таң.

Үшем күтіп жүрген әйелдің іші желі қолданушыларын шошытты (фото, видео)

Бір қызығы, медицинаның көмегінсіз үшем көтеру бақыты 4400 адамның тек біреуіне бұйырады екен.

Үшем күтіп жүрген әйелдің іші желі қолданушыларын шошытты (фото, видео)

Мария адамның ішіне қалайша үш сәби сыятынын көрсету үшін апта сайын суретке түсіп, желіде жариялайды. Марияның суреттерін көрген туыстары да, достары да, тіпті бейтаныс желі қолданушылары да таңданыстарын жасыра алмай, оның парақшасында әртүрлі пікірлер қалдырған.

Ал әйел тек қана сыртқы пішінінде емес, өмірінде орын алып жатқан өзгерістер жайлы да қызықты посттар жазады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау