Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше қабілетке ие үш жасар “өрмекші адам” интернет қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Ирандық үш жасар акробат қыз Арат Хосейни өзінің ерекше күші мен қабілетінің арқасында Инстаграм жұлдызына айналып шыға келді.

1098080

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлайды.

Араттың парақшасына қазірдің өзінде 450 мыңға жуық адам жазылған. Қабырғаға өрмелейтін бала, кеуде көтеру жаттығуын да қиналмай жасап, ауада шпагатқа отырған күйі бір қолымен ғана тіреп тұра алады.

Талантты бала артқа қарай да емін-еркін айнала алады. Ол тіпті қытайлық таланттар шоуының да басты жұлдызына айналып үлгерген.

Араттың қабілетін байқаған әкесі Мохаммад оның жаттығуына көмектеседі. Әкесі баласының кез-келген спорт бойынша алдына жан салмайтынына сенімді.

Оқи отырыңыз:

Жасөспірім өз ата-анасының тізерлеп тұрып кешірім сұрауын талап етті (видео)

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия (фото)

Ешқашан өркениет дәмін сезінбеген амазон тайпаларының таңғажайып суреттері (фото)

Әлемдегі ең кішкентай жұп ақыры шаңырақ көтерді (фото, видео)

Талқылау