Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 101 млн теңге жинаған: Төреғали түсірген фильмі жайлы айтты

“Ұлы дала комедиясының” қоюшы операторы Қанатжан Мырзағалиев пен Төреғали Төреәлі фильм жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды КТК.

Төреғали Төреәлі фильмі тамашалап, келіп жатқан ағайынға алғысын айттты.

“Фильм үш аптадан бері көрсетіліп жатыр. Көрермен саны көп, қашан барсаң кезек болады. Кей жерде прокаттан алып тастады деп айтып жатыр. Көрермені көп фильмді алып тастау кімге керек. Оның үстіне өзіміз түсірген қазақ киносы болғандықтан халыққа жақын. Халықтың жанына жақын фильм болғандықтан көрерменнің қызығушылығын тудырып отыр”, – дейді Төреғали.

Егер фильмді прокатқа шығару-шығармау ел ағаларының қолында тұрған дүние болса, олар оң көзімен қарайды деп ойлаймын деген пікір айтты әнші.

“Қаражатына келетін болсақ, фильм үш күн ішінде 101 млн теңге тапты. Бұл шығынның жартысы. 3 күннің ішінде осындай қаражат жинадық. Яғни, 3 айда тағы бір кино түсіруге болатындай ақша жиналады деген сөз”, – дейді Төреғали.

Фильмнің қоюшы операторы кино түсіру кезіндегі қиындықтар жайлы айта кетті.

“Кинода қыздың көпірден құлайтын көрінісі бар. Сол оқиға қиындық тудырып, таңға дейін түсірген едік. Тағы басқа да қиын эпизодтар бар”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау