Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баланың анасы омырауын үлкейтем деп көз жұмды

Лондонда 36 жастағы әйел пластикалық ота жасатам деп бақиға аттанды. Жасалған ота сәтсіз аяқталды.

Үш баланың анасы омырауын үлкейтем деп көз жұмды

Косметолог Луиза Харви омырауын үлкейтпек болып, Лондондағы емханалардың бірінде ота жасатады. Дәрігерлер ота жасаған соң науқастың денсаулығы жақсы екенін айтып, емханадан шығарады. Алайда бірнеше күннен соң әйел өзін нашар сезіне бастайды. Ол демікпе ауруына шалдығады.

Дәрігерлер денсаулығын қайта тексеріп, ота кезінде ағзада қан ұйып қалғанын анықтайды. Мамандардың өзі ота кезінде ұйыған қанды байқамаған. Ол жүре келе өкпеген қан жіберетін тамырды бітеп қалады. Соның салдарынан әйел мерт болды.

Науқас отадан соң 17 күн өмір сүрді. Оның артында 11, 16, 18 жастағы балалары қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау