Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үсеновке қатысты сот үкімі шықты

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК-да ақша жымқыру ісі бойынша сот қарауы барысында ұлттық компанияның Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновке екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды BNews.kz.

үсеновввввв

«ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлімі, 28-бабының  5 бөлімі бойынша, ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлімі «б» тармағы бойынша, жалпы екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Үсеновтің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айыра отырып, мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу тағайындалсын. Сотталушы сот залында қамауға алынсын. Жаза мерзімі 2016 жылдың  8 маусымынан бастап саналсын», – деп оқыды судья үкімді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Қажымұрат Үсеновке мүлкін тәркілеп белгілі бір лауазымдарды атқаруға және белгілі бір қызмет түрімен айналысуға өмір бойына құқығынан айыра отырып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушылар Қ.Үсеновтың келтірген шығынның бір бөлігін – 19 млн теңгені өтегенін есепке алған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Астанада Ермегияевтің ісі бойынша сот басталды. Алғашқы күні бас сотталушының ақша жымқыру тәсілі әшкере болып, 14 айыпталушы өз кінәсін мойындады.

Кейін жемқорлық ісіне қатысушылар Талғат Ермегияевке пара берілгендігін растады. Алынған алғашқы параның  сомасы 350 млн теңгені құраған.  Сондай-ақ параға берілетін қаражат қолма-қол ақшаға қалай айналдырылғаны белгілі болды. Параға алынған ақшалар коттедж тұрғызу және элиталық баспана жалдауға жұмсалған.

Тыңдау барысында  тендерлер өрескел заң бұзушылықтармен өткізілгені, тендерлерде баға ұсыныстарының асыра көрсетілгені, жобалау-сметалық құжаттамасыз құрылыс жүргізілгені анық болды.

Сондай-ақ куәгерлер Ермегияевтің басшылығымен орындалған жұмыстардың актілеріне қалай қол қойылғаны, параға берілген ақшаға Ермегияевтің пәтерін қалай жабдықтағандарын, «Астана ЭКСПО» ҰК құжаттарын толтыру кезіндегі заң бұзушылықтар туралы айтып берді.

Бүгінге дейін алынған ең үлкен параның көлемі 2,4 млрд теңге болып отыр.

 

 

Талқылау