Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үрейлі дыбыстар шығады: Қызылордада жұрт “елес үй” деп атап кеткен баспана бар

Қызылордада жұрт “елес үй” деп атап кеткен танымал баспана бар. Қаланың қақ ортасында қаңырап қалған үйде 10 жылдан аса адам тұрмаған. Тұрғындар тастанды үй адамдардың емес, елестердің мекеніне айналған дейді. Өйткені түнде түсініксіз, үрейлі дыбыстар шығады екен.

Үрейлі дыбыстар шығады: Қызылордада жұрт "елес үй" деп атап кеткен баспана бар

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тұрғындар үрейленіп қарайтын бұл үйдің терезелері түгел сынып кеткен, есіктері де жоқ. Аймақ тұрғындары бұл тылсым күштің әсерінен деп үй ішіне кіруге жүрексінеді.

“Көшіп келгелі бұл үй жайлы көп естідім. Қайта-қайта терезесі сынады дейді. Таңға жуық әппақ құстар терезенің алдында тұрады”, – дейді тұрғындардың бірі.

“Бұл үйде елес бар, анау-мынау дейді, оның бәрі енді қайдам, біз көршіміз, ешкімнің үйінде елес жоқ”, – дейді екіншісі.

Бір топ тұрғындар елесті үйдің астында ашаршылық құрбандары жерленген деп ойлайды. Ал екінші топ бұл баспананы банк кепілдікке алып, қараусыз қалып қойған деп есептейді. Қаңырап қалған үйді иесі ашулы әруақтардан қорқып қалдырып кеткен деп жүргендер де бар. Ал имамдардың айтуынша, қоқысқа толы үйді тылсым нәрселер емес, жындар мекен етуі мүмкін.

“Жындар осындай жерлерді мекендеп алады”, – дейді Қызылорда қалалық “Нұр” мешітінің имамы Марат Дайрабайұлы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау