Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанның кедей штаты ішімдікті тұтыну мен сатуға тыйым салды

Үндістанның Бихар штатында алкогольді ішімдіктерді сату мен қолдануға толық тыйым салынған.

ыыфф
Сурет letsmi.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Аталған заңға штаттың бас министрі Нитиш Кумар қол қойған. Ол сайлау алды үгіт-насихат кезінде штатта самогон қайнатуға тыйым саламын деп уәде берген еді. Жеңіске жеткен Кумар, жарты жыл ішінде біртіндеп алкогольға да тыйым салып отыр.

Оның бұл ұсынысын әсіресе, күйеулерінің ішкіштігінен қажыған әйелдер қатты қолдаған. Бұдан соң жергілікті парламент өкілдерін де Кумардың ұсынысы қанаттандырып, 243 депутат өз еріктерімен ішімдіктерден бас тартқан. Кумардың бұл бастамасы арқылы қазынаның 50 миллиард рупиі (725 миллион доллар) үнемделеді екен. Ертеректе, Гуджарат және Керала атты екі табысты штат та ішімдік тұтыну мен сатуға қатысты толық және жекелеген тыйымдар салған.

Талқылау