Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанға барып ауру жұқтырып келген тағы бір алматылық анықталды

Үндістаннан әкелінген індет! Шетелге саяхаттап барып, тырысқақ ауруын жұқтырған туристер саны артуда. Алматылық ақ халаттылар аса қауіпті жұқпалы инфекцияны тағы бір әйелден анықтады. Қазір науқастың өзі де, бірге демалып қайтқан күйеуі де инфекциялық стационарға жатқызылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Науқаспен байланыста болған күйеуін де ауруханаға жатқыздық. Құдай сақтап, одан тырысқақ анықталған жоқ. Ал, әйелінің қауіпті инфекцияны жұқтырғанын сараптама растады. Мұндай дерт тазалықтың сақталмауынан пайда болады. Шикі теңіз өнімдерін жеуден де туындауы мүмкін”, – дейді  Ауру жұқтырғандар мен аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекішісі Саят Қауметбаев.

27 жастағы келіншектің денсаулығы елге оралған соң сыр бере бастаған. Яғни, іші өтіп, жүрегі айныпты. Ол 5 күн үйінде жатып, әбден жанына батқаннан кейін ғана дәрігерге жүгінген. Еске салсақ, өткен аптада Үндістанға сапар шегіп, шикі ұлу жеген 3 жігіттен де тырысқақ анықталған болатын. Міне, енді демалысының соңы қасіретпен аяқталғандар саны 4 адамға жетіп отыр. Науқастардың бәрі де қазір ауруханада. Айта кетсек, тырысқақ -тез тарайтын аса қауіпті ішек инфекциясы. Қазақстанға шекара асып жеткен індетті Үндістанның кез-келген жерінен жұқтырып алуға болады дейді дәрігерлер. Сондықтан, туристерді аса сақ болуға шақыруда. Өткен жылы елімізде Гоа аралына барып, осындай кесел арқалап келген 5 азамат тіркелкен екен.

Оқи отырыңыз:

Бір шөлмек ішімдіктің ракты қоздыруы мүмкін екенін білесіз бе

Ұйқы қандырудың денсаулық үшін маңызы қандай

Ғалымдар ұялы телефоннан тарайтын сәулелердің қауіпті екенін жоққа шығарды

Пицца ең пайдалы таңғы ас екені анықталды

Талқылау