Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт жасар бала өз жасына қарағанда сегіз есеге қартайып кеткен (фото)

Бұл Баязид Хоссейн,  оның жасы бар болғаны төртте. Дәрігерлер оның бойынан өте сирек кездесетін дерттің барын анықтаған.  Бала өз қатарластарына қарағанда  сегіз есе үлкен көрінеді. Бұл аурумен қатар баланың денесі үнемі ісіп, буындары өз уақытынан бұрын құрғап баражатқан көрінеді.

бала2

Бала  кіші дәретке отыруға қиналады әрі ерте шыққан тісінің мүліктері тура қарияның мүлкі сияқты әлсіз.  Баязид тұратын Бангладештің оңтүстік халқы ол жайлы жақсы біледі. Ересектер оны қарғыс атқан деп қашса балалар онымен ойнауға қорқады екен.

бала

«Баязид ерте жүріп кетті, үш айлық кезінде оның тістері толықтай өсіп болған. Ол ерте сөйлеп, айтқан затты қағып алатын болды. Өз қатарластарымен салыстырғанда айтарлықтай ересек адам сияқты. Ол бала емес кәдімгі бәрін көрген қария сияқты»,-дейді баланың анасы.

бала1

Тура осы диагнозбен ауырған балалар ең көбі 13 жасқа дейін өмір сүреді екен. Баязидтің әкесі осы баланы дертінен айықтыру үшін бармаған дәрігері мен молда қалмағанын айтады. Дегенмен ата-ана өз баласының сауығып кетеріне үмітенеді. Жұрт айтқандай қандай да бір кесір тиіп, қарғыс атқан деген негізсіз дүниелерге сеніп, далаға тастауды ойлап та көрмепті.

 

 

 

 

Талқылау