Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда су тасқынынан құрбан болғандар саны 325-ке жетті

Топан судың салдарынан жансақтау бөлімінде жатқан 18 адам тілге келмей, көз жұмды. Аймақта құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған 20-дан астам бригада мен 9 тікұшақ қатысуда.

pogudxaHR0cDovL2QuY2RubmFpai5jb20vby9hQmNkNmV0bmJQcmxkMjE1MnB6a1BKZm0uanBn.prx.r800x600.44dcc1f0

 

Бұған дейін 269 адамның қазасы туралы хабарланған болатын. Топан судың кесірінен Ченнаи қаласындағы емханада науқастардың өмірін қамтамасыз ету аппараттары істен шықты.

Айта кеткен жөн, табиғи апатқа Тамилнад штатында толастамай жауған нөсер себеп болған. Ал синоптиктер жауынның 2-3 күнсіз беті қайта қоймайды деп топшылап отыр.

Талқылау