Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда салмағы 500 грамм болатын сәбидің жүрегіне операция жасалды

Үндістанда жүктіліктің небәрі 28-ші аптасында өмірге келген нәрестенің кішкентайлығы соншалық, дәрігерлер оған саусақ ұшын тигізудің өзіне қауіптенген. Оның көздері жұмулы, толыққанды жетілмеген ал терісі қағаз секілді болыпты.

Безымянный

Нәрестенің тыныс алу жүйесіндегі ақауға байланысты екі аптадан соң “Гитанджали” медициналық колледжінің дәрігерлері оған операция жасаудың қамына кіріседі. Сонымен қатар баланың басты екі жүрек артериясы біреуге бірігіп кеткен.

Салмағы небәрі 470 грамм болатын балаға операция жасау өте қиын нәрсе. Оның үстіне оның әрбір ішкі органы толық жетілмеген, жалпы көлемі әдеттегі нәрестеден әлдеқайда кіші. Дәрігерлер операцияға мейлінше жоғарғы дайындық жасап, мүмкін болған барлық нұсқаларды қарастырған.

Абырой болғанда, операция сәтті өткен. Баланың ата-анасы мен дәрігерлер нәрестенің тірі қалуын ғажайып жағдай деп бағалап отыр.

 

Талқылау