Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда нәресте ескі банкнотты қабылдаудан бас тартқан дәрігерлер кесірінен көз жұмған

Үндістанда дәрігерлер емдеу үшін ескі купюраны қабылдаудан бас тартқаннан кейін, тез арада көмек көрсетілуі тиіс емшектегі сәби қайтыс болды.

160629053922_indian_rupee_640x360_reuters_nocredit

Фото: InfoResist

Бұл туралы The Independent басылымы хабарлайды.

Басылымның жазуынша, оқиға Мумбай қалашығындағы клиникалардың бірінде болған. Онда сәбилерін алып барған ерлі-зайыптылар ауруханада баланың емін жасату үшін депозитке алты мың рупий салулары тиіс болған.

Ата-ана ақша төлеуге дайын болған, алайда 500 рупилік бір купюра ескі банкнот екен. Клиника әкімшілігі болса бұл банкнотты қабылдаудан бас тартады. Осының кесірінен ата-ана балаларын басқа ауруханаға қарату үшін алып кетеді. Бірақ, сәби жолда көз жұмған.

Полиция аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Осы жылдың 8 қарашасында премьер-министр Нарендра Моди 500 және 1000 рупилік банкноттарды қолдануға тыйым салған болатын. Оның сөзінше бұл тұрмыстық парақорлықты жою үшін жасалған. Ескі банкноттар биліктің бұйрығынан соң үш күн бойы қабылданған.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да бес әртіс мас жүргізушінің кесірінен көз жұмды

Әлем халықтарының адам шошырлық сексуалды дәстүрлері (фото)

Оқытушы колледждегі жұмыстың көптігіне шыдамай көпірден секіріп кетті

Қазақстанда танымал журналист бопсалау дерегі бойынша тұтқынға алынды

Талқылау