Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда маймыл зергерлік дүкенді тонап кетті

Үндістанда маймыл зергерлік дүкенді тонады. Хайуан ғимаратқа кіріп, кассадағы 10 мың рупийді алып, ізін суытқан.

упуп

Сурет vesti.az

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Дүкенде орнатылған бақылау камералары оқиғаның қалай болғандығын толығымен жазып алған. Ол жазбадан дүкен сатушысының босағада отырған маймылға тамақ ұсынып, оны қуып жібермек болғанын көруге болады.

Ұсынылған асты алудың орнына қу жануар дүкенге баса көктеп кіріп, кассаға бет алған. Ол ондағы ақшаны сыпырып алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Талқылау