Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістан ауылында қыздарға ұялы телефон қолдануға тыйым салынды

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штаты ауылдарының бірінде 18 жасқа толмаған қыздарға мобильді телефондар ұстауға тыйым салынды.

220501

Сурет today.kz сайтынан алынды

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тыйымды бұзған қыздарды отбасымен бірге 8 күн бойы ауыл көшелерін тазалатып қояды.

Сонымен қатар, жергілікті билік алкогольді ішімдіктерді сату мен қолдануға тыйым салды.

Үнді ауылдарының бұрынғы кеңесі іс жүзінде жойыла қоймаған. Өздігінен басқарушы органдар 2011 жылы жоғарғы сот шешімімен тараған. Алайда, олар заңсыз түрде әлі де жұмыс істеп келеді.

2015 жылдың мамыр айында олар опасыздық әрекет жасаған деп екі ғашықты өлім жазасына бұйырған. Бір топ адамдар екі жасты өлтіріп, денелерін ауыл сыртында өртеп жіберген.

Талқылау