Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда бұқа мен сиыр тойына иелері 27 мың доллар жұмсаған (фото)

Үндістанның батысында орналасқан Гуджарат штатында бұқа мен сиырдың тойына иелері 27 мың доллар ақша жұмсаған. Жергілікті ауылдардың бірінде өткен тойға 300 адам келген.

6744647

Малдың иелері Үндістан мен сол елдің азаматтары үшін сиырдың қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын көрсеткісі келген екен. Мұнымен қатар, осы әрекеттері арқылы мемлекет территориясында сиыр малын соғым ретінде союға қарсылықтарын білдірмек болған.

“Күйеужігіт пен қалыңдықтың” аттары – Арджун мен Пунам. Тойға келген халық малдарды көлікке мінгізіп, ел аралатқан.

1

Қалыңдық иесінің айтуынша, ол оны өзінің туған қызындай көреді. “Мен сиырлармен 30 жылдан бері тұрып келемін. Сондықтан бұл малдардың не нәрсеге лайық екенін ашып айтып бере аламын”, – дейді Пунамның иесі.

Мерекелік жиын үнді дәстүріне сай өткен.

2

Осыған дейін Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында екі иттің тойы өткен болатын. Аталған тойға 5 000 адам келген. Тойға жергілікті диджейді шақырып, той біткен соң иттерді түрлі гүлмен көмкерілген көлікте алып кеткен.

80424673-C7C9-4F21-8FDB-4BCD7DA94A61_mw1024_s_n

Индуизмде сиыр молшылық пен жақсылықтың белгісі. Үндістанның Керал, Батыс Бенгалия штаттарынан басқа жерде аталған мал түрін өлтіруге тыйым салынған.

3

Естеріңізге сала кетсек, Үндістанда кәсіпкердің тойына мерекелерге баруға тыйым салынған 18 мың жесірді шақырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау