Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда болмашы ғана қарызы үшін ерлі-зайыптыны өлтіріп тастады

Үндістанда 15 рупий (75 теңге) көлеміндегі қарызын төлемегені үшін ерлі-зайыптыны өлтіріп тастады.

_90556121_gettyimages-583761218

Сурет: Getty Images

Оқиға Уттар-Прадеш қаласында болды. Полицейлердің мәліметінше, Бхарат пен Мамта печенье сатып алып, сатушыға қалған 15 рупийді ертесі күні ақша алған соң беретінін айтқан.

Азық-түлік сатушы Ашок Мишра олардың үш қаттама печеньенің ақшасын тез арада беруін талап етеді. Бұл уақытта ерлі-зайыпты өздері жұмыс істеп жатқан алқаптың арғы жағымен өтіп кете береді. Куәгерлердің айтуынша, Мишра үйіне барып балта әкеліп борышкерлеріне қарай ұмтылған. Ең төменгі дін тобына жататын ерлі-зайыптылар алған жарақаты салдарынан сол жерде мерт болған.

Ең төменгі дін тобына жататындар жоғары дін жолындағыларға кесірі тиеді деп есептеліп, бөлек аудандарда тұрады. 20 ғасырда олар өзгелермен тең құқық талап етіп күрескен. Қазір олар ел тұрғындарының 17 пайызын құрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда белсенділердің сиыр өлтірді деп 4 жеткіншекті аяусыз ұрғаны наразылық туғызды

Үндістанда сиыр етін тасымалдаушыларды малдың тезегі мен зәрін ішкізіп жазалады

Үндістанда ағалары өлтірмек болған қызды сиыр құтқарып қалды (видео)

Үндістанда бұқа мен сиыр тойына иелері 27 мың доллар жұмсаған (фото)

Талқылау