Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда басы тұтас, денелері бөлек сиам егіздері дүниеге келді

Үндістанның шығысындағы Гуджарат штатында басы және бет-жүзі тұтасып кеткен сиам егіздері дүниеге келді. Нәрестелердің жүрегі, қол-аяқтары бөлек.

1021366315

Сурет ru.sputnik.kg

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Нәрестелер дүниеге келген соң алты минут өмір сүрген. Егіздер дүниеге келген Раджкот ауруханасының дәрігері Киртан Вияс дәрігерлердің бұл оқиғаның қайғылы аяқталуына дайын болғанын және ата-анасына балалардың миын бөлу отасын өткізу мүмкін емес екенін ескерткен.

Оның айтуынша, үнділік дәрігерлердің акушерлік тәжірибесіндегі бұл жағдай миллионнан бір рет кездеседі. Сондай-ақ, Вияс осындай ауытқушылықтар жүктіліктің бірінші үш айында анықталатынын, бірақ егіздердің анасы бірінші ультрадыбыстық зерттеуді тек жетінші айында жасатқанын айтып өтті.

Басылымның хабарлауынша, сиам егіздерінің ата-анасы олардың денелерін зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік медициналық колледжге беретін болып шешкен.

Талқылау