Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда алмаз магнаты  250 кедей қызды ұзатып, той берді (фото)

Бірнеше күн бұрын Үндістанда 250  жетім, жағдайы жоқ отбасының қыз бір күнде тұрмысқа шығып, тойларын өткізді.

Оларға қаржылай көмек қолын алмаз магнаты  Махеш Савани (Mahesh Savani) созды. Үндістанда 502 адамның яғни 251 жұптың тойы бір сәтте болды.

Савани қыздарды күйеу жігіттің қолына тапсыратын дәстүрді өзі атқарды. Яғни барлығына әке ретінде той жасап, ұзатып берді десек болады. 250 қалыңдық ұлттық киімде киініп, сәнімен-салтанатымен тойға жасанып шықты.

Үйленгендер арасында 5 мұсылман 1 хрисиан жұп болды.

Той Гуджарат штатына қарасты Сурат қаласында өткізілді. Ол жер бағалы тастар ордасы болып есептелінеді.

Гауһар тастардың түр-түрін сатумен айналысатын Махеш Савани 2012 жылдан бері осындай той өткізуді дәстүрге айналдырған. Ол әкесіз қалған жетім қыздарды ұзатып, үлкен сауапты іс жасап жатырмын деп біледі.

Олигархтың сөзінше мұндай жағдайды 2008 жылы алғаш рет қолға алған. Досы қызының тойына бірнеше күн қалғандай қайтыс болып әке ретінде ұзату  Махеш Саваниге жүктеліпті.

Үндістанда тұрмысқа шығу көп шығынды талап ететін жайт.  Әсіресе қалыңдықтың отбасы күйеу жағына  қалың мал ретінде ақша әрі бағалы сыйлық беруге міндетті. Қыздың отбасы бірнеше күн қатарынан мыңдаған қонақты күтіп, жағдайларын жасауы керек.

Сол шығынның барлығын қыздың әкесі төлеуі тиіс. Үндістанда әкесіз, әкесі кедей қыздар тұрмысқа шықпай қалуы көп кездесетін жайт.

Олигар осы олқылықтың орнын толтырып, көптеген қыздың бақытты болып кетуіне көмектесіп жатыр.  Қыздардың алғысы ғана қажет деген бай мұндай әдетті жылда жасауға уәде берген.

Некелесу рәсімі

Өткен жылдары Савани жастарға алтын, тұрмыстық жиһаз сынды сыйлықтар беретін. Онысы жастар ұрыс-керіссіз отбасы болып кетсе екен деген тілек.

Биыл әр қалыңдық 500 мың рупий (2 млн теңге) көлемінде сыйлық алған. Одан бөлек тағы да заттай жасау таратылған болуы мүмкін.

Бұл жылы олигархтың идеясын жүзеге асыруда  жылжымайтын мүлік саудалайтын Санджай Мовалия өз көмегін қосқан. Кәсіпкерлердің осы тойға жұмсаған шығыны қазірге белгісіз.

Тойды тамашалауға мыңдаған қонақ келді.

Оқи отырыңыз:

2017 жылы Қазақстан шоу-бизнесіндегі елді шулатқан 7 оқиға

Қызылордалық жігіт ұжымдық кештерде Ақшақар болудың пайдасы мен табысы туралы ашып айтты (фото)

Төреғалиді жақсы көрмеудің бес себебі

Мемлекеттік атақ алған Абай Бегей әріптестерінің сынына ұшырады

 

Талқылау