Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда адам толы аттракцион құлап, бір адам көз жұмды (видео)

Үндістанда Ченнаи қаласына жақын орналасқан Кишкинта (Kishkinta) ойын-сауық паркінде адам толы аттракцион құлады.

photo_25976 (1)

Жартылай айналып тұратын карусель опырылып құлаған. Порталдың мәліметіне сүйенсек, оқиға салдарынан 20 адам зардап шегіп, біреуі қаза болды.

Зардап шеккендердің барлығы да парк қызметкерлері болған. Зардап шеккендердің айтуынша, оларды карусельге мінуге басшылық мәжбүрлепті.

12 мамырда кешкісін полицейлер Кишкинта ойын-сауық паркінің иесі Джош Панништы тұтқындады. Оған адам өліміне себепші болды деген кінә тағылып отыр.

 

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда үнді фильмі түсіріліп жатыр

Талқылау