Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда үш мектеп оқушысы селфи жасау үстінде көлге батып кетті

Үндістанның орталығындағы Шингва селосының маңындағы көлге 10-сыныптың үш оқушысы селфи жасамақ болған кезде батып кетті.

20160722235853

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, 15-16 жастардағы бес бала олардың бірінің туған күнін атап өту үшін көлдің жағасына келген. Үшеуі судың жарқабағында селфи жасамақ болған кезде, құлап кетіп, суға бата бастады.

Қалған екеуі оларды құтқармақшы болды, алайда олардың біреуі де жүзу білмейді екен. Олар достарына көмектесе алмай, өздері әрең аман қалады. Балалардың айқайлаған дауысын естіген жергілікті тұрғындар құтқарып қалған.

Оқи отырыңыздар:

Әлемнің ең қауіпті жерлерінде селфи жасаушы ресейлік фотограф (фото)

Испаниялықтар көзілдірік арқылы селфиге түсуді ойлап тапты

Пойыз үстінде селфи жасамақ болған павлодарлық жігіт өлім аузынан қалды

Өскемендегі жігіттің селфи жасамақ болып суға кеткендегі сәті жарияланды (видео)

Жеті дос селфи жасаймын деп суға батты

Талқылау