Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді ханзадасы сарайынан біржыныстыларға үй салып бермекші

Үнді ханзадасы Махавендра Сингх Гохил өзінің дәстүрлі есем жыныстылардың қатарынан екенін мойындап, біржынстыларға сарайдан баспана тұрғызуды қолға алды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, біржынысты адамдар әлі күнге дейін қысмға ұшырап, азап шегіп жүр.

“Оларды өзге жыныстағы адамдарға үйлендіргісі келеді немесе үйінен қуып жібереді. Олардың баратын жерлері жоқ, жаңа өмір бастауларына мүмкіндіктері жоқ”, – деп түсіндірді бұл әрекетін  ханзада.

Ақыры балаларым болмайды екен, онда сарадағы бос жатқан жерлер құр тұрмасын, дейді ол. Онда тұрғын үйлер салып, медициналық қызмет көрсететен, ағылшын курстарына баруға болатын ғимараттар салынады.

Ханзада өзінің көгілдір (гей) екенін 10 жыл бұрын айтқан. Сосын біраз уақыттан кейін ол қайырымдылық ұйымын құрып, еліндегі гейлердің құқығын қорғаушылардың біріне айналды.

Үндістанда қазіргі уақытта 1860 жылдан бері келе жатқан біржыныстыларды 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қолданатын заң бар. Полицейлер бұл заңды орындау үшін емес, гейлерді қорқытып пара сұрау үшін қолданып жүр.

Тағы оқыңыз:

Непалда етеккірі келіп, үйден қуылған тағы бір қыз көз жұмды

Меккеде некесін қиған біржыныстылар жұрттың жағасын ұстатты

Жігіт көп қабатты ғимараттың балконынан парашютпен секіріп кетті (видео)

 

 

Талқылау