Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда “бэбибокс” жүйесін іске қосу ұсынылды

Сәбиін туа сала тастап кететін әйелдердің әрекеті елімізде індетке айналып барады. Мұндай сұмдық оқиғалар соңғы кезде БАҚ құралдарының да басты тақырыбына өзек болуда.

ребон
Бұл туралы express-k.kz хабарлайды
Ал “Ана үйі” қоғамдық қорының жетекшісі Нәдия Борамбаева  мұндай жағдайлардың алдын алу  және болдырмау үшін жасырын түрде баладан бас тарту дың ешкімге зиянсыз жолын енгізу керек дейді. Белсенді өзге елдердегідей “бэбибокс” орнатуды ұсынады.

Өз сөзінде Нәдия Борамбавева жасырын бас тарту әрекетінің қолайлы әрі қолайсыз жақтарын да жасырған жоқ. Қандай жағдай болмасын бейкүнә сәбилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін алға тартады.

Жамбыл облысында орын алған оқиға көпшіліктің көкейінен әлі күнге кете қойған жоқ. Онда анасы он алты жастағы қызын босандыра сала, сәбиін далаға лақтырып жіберген.

Қазақстан Мұсылмандар Дәни басқармасының төрағасы Ержан Қажы Малғажыұлы болған жайт үшін әлі күнге қатты қынжылатынын, әрі жанына қатты батқанын айтты.

“Бұл өте ауыр да қайғылы оқиға болды. Балаға күтім жасау үшін ол отбасының жағдайы төмен деп ойламаймын. Ең  сорақысы – бізде осындай азаматтарға ең алдымен ар-ұят пен тәрбие жетіспейді”,-деді бас муфти.

Бас муфти мұндай жағдайды болдырмау үшін ата-аналарға баланы жастайынан бірінші болып материалдық емес рухани байлықпен қамтамасыз ету керектігін айтты.

“Бүгінде жұмысбасты ата-аналарымыздың балаға бөлер уақыты тапшы. Тап бір өз үйімізді өзіміз жалдап алғандаймыз. Әрине отбасын асырау үшін қаражаттың қатты қажет екенін жоққа шығармақ емеспіз. Дей тұрғанмен, тәлім-тәрбиенің басты орында тұрғаны абзал”,-деді ол.

“Бұл мәселе отбасындағы тәрбиемен ғана шектеліп қоймайды. Бізге менталитетімізді де өзгерту керек”,-дейді Нәдия Борамбаева.

“Дүниеге күйеусіз бала әкелу – қоғамның кірі іспетті. Сондықтан айы-күні жеткен шақта бойжеткен перзентханаға баруды ар санайды. Өйткені, әрекетінің жөнсіздігінен жасқанады. Әрі әркімнің сөзіне шыдамы төзбейді.  Сондықтан, алғашында жүктілігін жасырумен әлек болса, босану барысында сәбиін көзден таса жерге тастап кете барады. Отбасы мүшелері де, көршілері де білмейді. Осылайша өз күнәсін жуып-шаймақ болады”,-дейді Борамбаева.

Ол ата-анасы қаламаған жағдайда дүниеге келетін балалардың өмірін сақтап қалу үшін арнайы жағдай жасалыну керектігін ұсынады.

“Жастайынан балалы болған бойжеткендер баласын өз қолымен болмаса да жасырын жолмен өзгенің қарауына тапсыруы керек. Әрине ол сенімді орын болуы шарт.Уақыт өте  ана есін жиып,психологтардың көмегінен кейін  баласын бауырына басуы да мүмкін дейді”,-Борамбаева.

Алматы облысында көкек аналар саны жыл сайын артып келеді. Кезекті оқиғада анасы бөбегін жалдамалы,суық  пәтерде тастап кеткен. Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында үздіксіз жылай берген кішкентай нәрестені пәтер иесі мен көршілері тауып алған. Онда жалғызбасты ана жеті айлық қызымен  тұрып келген. Кенеттен ашқұрсақ сәбиін жалғыз қалдырып, өзі кетіп қалған. Қатты ашыққан әрі суыққа тоңған сәби осылайша көмек іздеген.

Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіріп, әбден жылап әлі кеткен қызды аман-есен алып шықты. Бақылауға алған медбикелер де оның денсаулығында ешбір кінараттың жоқтығын анықтады. Сөйтіп сәби балалар үйіне тапсырылды. Ал, 22 жастағы ана Іле ауданынан табылды. Және оған қатысты “Жасөспірім баланы қорғансыз әрі қауіпті жерде қалдырды” деген баппен қылмыстық іс қозғалған еді.

Талқылау