Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венгрияның СІМ басшысы Еуроодақтың дүниежүзілік соғысқа дайындығы туралы ескертті

Венгрияның Сыртқы істер министрі Питер Сиярто Украина қарулы күштерінің жағдайының нашарлауына байланысты Еуропалық Одақтың Дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі М1 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото pexels

Оның айтуынша, отырыс "штабтағы әскери басшылардың кездесуі" сияқты өткен. Себебі бірнеше сағатта "барлығы дерлік Украинаға қанша қару-жарақ және қандай кесте бойынша жеткізуге дайын екені туралы" талқыланған.

"Брюссель дүниежүзілік соғысқа дайындықпен Украина үшін майдандағы жағдайдың нашарлауына қарай әрекет етеді", – деді Венгрия министрі.

Сиярто осы уақытқа дейін Украинаға жіберілген әскери көмек оның майдандағы жетістіктеріне ықпал етпегенін атап өтті.

"Егер бұл стратегия бұрын жұмыс істемесе, қазір жұмыс істей ме деген сұрақ туындайды. Біздің ойымызша, қару-жарақ жеткізу тек соғысты созып, дүниежүзілік соғыс қаупін тудыруға әкеледі", – деді ол.



Сияртоның айтуынша, майдандағы жағдайдың нашарлауы бейбітшілік орнатуға күш салуға көмектесуі керек. Ал шарттарды екі жақтың да қатысуымен талқылау қажет.

Мәскеуде бұған дейін Киевке шетелдік әскери көмек көрсету тек қақтығысты соза түсетінін бірнеше рет айтылған.

Талқылау