Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польша өз жерінде АҚШ-тың ядролық қаруын сақтауға дайын екенін мәлімдеді

Польша өз аумағына америкалық ядролық қаруды орналастыруға дайын. Бұл туралы Fakt басылымына берген сұхбатында республика президенті Анджей Дуда мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: РБК

"Егер одақтастарымыз НАТО-ның шығыс қапталының қауіпсіздігін нығайту үшін Nuclear Sharing аясында ядролық қаруды біздің аумаққа орналастыруды шешсе, дайынбыз. Біз Солтүстік Атлантикалық альянстағы одақтаспыз және осыған байланысты міндеттеріміз бар, яғни біз ортақ саясатты жүзеге асырып отырмыз", – деді ол.

Дуданың мәлімдемесі АҚШ-қа сапарынан кейін жасалды. Польша президентінің айтуынша, ядролық қаруды Польшаға орналастыру бұрыннан поляк-америка келіссөздерінің тақырыбы болып келді және Варшава бұған дайын. Дуда бұл дайындыққа Ресей Калининград облысын "барған сайын милитаризациялап", өзінің тактикалық ядролық қаруын Беларусь еліне орналастырғаны себеп болды деп түсіндірді.

Nuclear Sharing бағдарламасы АҚШ-қа ядролық қару жоқ НАТО елдеріне оны орналастыруға мүмкіндік береді. АҚШ-тың Еуропа мен Түркияда 100 тактикалық ядролық оқ-дәрісі бар. B61-3 және B61-4 бомбаларына арналған 0,3-тен 50 килотонға дейінгі зарядтар Бельгия, Германия, Италия, Нидерланд және Түркиядағы алты базада жинақталған.

Кремль Анджей Дуда мәлімдемесіне жауап берді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей әскери күштері америкалық ядролық қаруды Польшаға орналастыруға қарсы шаралар қабылдайтынын ескертті.

"Бұл жүзеге асса, әрине сарбаздар бақылап отырады. Менің ойымша, біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін бәрібір барлық қажет жауап қадамдары жасалады", – деді кремль өкілі.

Айта кетейік, 20 сәуірде АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы TikTok-тың қазіргі иесі, қытайлық концерн ByteDance оны басқа қожайынға сатпаса, АҚШ-та аталған әлеуметтік желіге тыйым салатын заң жобасы қабылданатынын мәлімдеді. 

Талқылау