Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар қан тамырларын тазарту үшін таңертең екі өнімді тұтынуға кеңес берді

Таңертеңгілік асқа жұмыртқа мен сұлы ботқасын жеу ағзадағы "жаман" холестеринді азайтуға көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Rg.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог Константин Ивановтың айтуынша, жұмыртқада зиян холестеринді азайтатын холин бар.

Диетолог Лиза Афинская басқа дақылдарға қарағанда сұлы холестеринді төмендетуге тиімді дейді. Өнімнің құрамындағы бета-глюкан ішектегі холестеринге бай өт қышқылдарымен қосылып, оларды денеден шығаруға көмектеседі.

Маман аз өңделген сұлыны таңдауға кеңес берді. Сөзінше, аз өңделген сайын ботқа соғұрлым ұзақ қорытылады және гликемиялық индексі төмен болады. 2-5 минутта дайындалатын ботқалар ешқандай пайда әкелмейді дейді дәрігер.

Сондай-ақ холестеринді азайту үшін сары май мен қаймақтан бас тартпау керек екен. 

Талқылау