Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мағжан Шамшадин ұзақ үзілістен кейін Grand Slam турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Мағжан Шамшадин Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Ұзақ үзілістен соң бозкілемге оралған қазақстандық балуан Мағжан Шамшадин Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үздіктер қатарынан көрінді. Ширек финалда италиялық Анджело Пантаноны "иппонмен" жеңіп, жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен ұтқан отандасымыз финалда сүрінді. Мағжан алтын жүлде үшін айқаста жергілікті балуан Мухаммадсолех Куватовпен күресіп, “иппон” әдісімен жеңіліп қалды. Былтыр қарашадан бері жарақатына байланысты татамиге шықпаған отандасымыз ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айта кетейік, Мағжан Шамшадин – дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Grand Slam және Grand Prix турнирлерінің жеңімпазы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері. 

Талқылау