Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жігіт досының тойында аспанға автоматпен оқ атқан (видео)

Алматы облысындағы Қаскелеңде тойдың кезінде жігіт аспанға оқ атқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қаскелеңде тойда бір топ адам қуанышын білдіріп, ысқырып жатқанын көруге болады.  Сол кезде жігіттердің бірі аспанға автомат атады. Қарасай аудандық полицейлері күдіктіні ұстап, қаруды тәркілегенін мәлімдеді.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 2022 жылдың жазында Қарасай ауданындағы мейрамханалардың бірінің аумағында болған.

“Қазір видеодағы 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Одан сигналдық үлгідегі АК-74 автоматы тәркіленді. Ол досының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау