Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RingPolska сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ЖанибекФото: Mikey Williams/Top Rank

Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін шілде айында өткізеді. Орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 13 шілде күні Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде жұдырықтасады. Лас-Вегас қаласында өтетін боксш кешінде отандасымыз WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеудің иегері Карлос Адамесқа (23-1, 18 КО) қарсы жұдырықтасуы әбден мүмкін. Қос спортшы ауызша жекпе-жек өткізуге келісім берген. Дегенмен Жәнібектің қарсыласы әлі тұрақталған жоқ.


"Чемпиондар, қайдасыңдар?": Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін "Канелоны" жекпе-жекке шақырды


Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериге (21-1-1, 7 КО) қарсы өткізіп, 6 раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Сөйтіп ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.   

Талқылау