Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында белсенді әйелдер құқығын "қорғағаны" үшін 11 жылға сотталды

Сауд Арабиясында лаңкестікке қарсы сот белсенді Манахель әл-Отаибиді "киім таңдауы және әйелдер құқығын қолдағаны үшін" қамауға алып, жасырын түрде 11 жылға соттап жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: The Guardian

Саудиялық қайраткерлер БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарына жасаған мәлімдемесінде,  Манахель әл-Отаибидің "террорлық қылмыс" жасағаны үшін 9 қаңтарда түрмеге қамалғанын растады.

Манахель әл-Отаиби – әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді насихаттаған сертификатталған фитнес нұсқаушысы. Ол 2022 жылдың қарашасында қамауға алынды.

Сауд Арабиясы билігі Отаибиді әйелдерді ерлердің қамқорлығын жоюға шақыру үшін #қоғам дайын хэштегін пайдаланды деп айыптады. Оның әпкесі Фоуз әл-Отайби де дұрыс киім кимеді деп айыпталды.  Алайда ол қамауға алынғанға дейін Сауд Арабиясынан қашып кеткен.

Тағы бір әпкесі Мәриям, әйелдер құқығын қорғап, қорғаншылық ережелеріне наразылық білдіргені үшін ұсталып, 2017 жылы босатылды.

Amnesty International және ALQST құқық қорғау ұйымы Сауд Арабиясы билігін әл-Отаибиді дереу босатуға шақырды. Себебі оның түрмеге алынуы "үкіметтің реформалар мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту туралы жолдауына тікелей қайшы келеді" деп мәлімдеді.

2023 жылдың қараша айынан, 2024 жылдың сәуіріне дейін қоғам белсендісінен хабар болмаған. Ол отбасымен сөйлескенде камерада жалғыз отырғанын және физикалық зорлық-зомбылықтың салдарынан аяғы жарақаттанғанын айтқан. Сауд Арабиясы билігі бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.

Талқылау