Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмұд Сабырханның туған інісі Азия чемпионатын жарқын жеңіспен бастады

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Астанада өтіп  жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатын сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылған Төрехан Сабырхан елордамызда өтіп жатқан жастар мен 22 жасқа дейінгілер арасында өтетін Азия чемпионатын жарқын жеңіспен бастады. 67 келі салмақта сынға түскен отандасымыз қырғызстандық Рамзан Қадыровты айқын басымдықпен ұтып, екінші кезеңге шықты. Үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары деңгейде өнер көрсеткен Төрехан бұл турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар арасында үш рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанған боксшы. Ол Астана төрінде төртінші рет сарықұрлықтың үздік боксшысы атануға тырысады.

Талқылау