Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда тас жол қирап, жиырма көлік үйінді астында қалды (видео)

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында автомагистраль қирап қалды. Оқиға салдарынан 20 көлік үйінді астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: news.cctv.com

Оқиға 1 мамырда, сағат 2:10 шамасында Гуандун провинциясынан Фуцзянь аймағына апаратын жедел жолда болды.

"Оқиғадан зардап шеккендер саны 54-ке жетті. Оның 24-і қаза болды", – деп жазады басылым.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ал тас жолда көлік қозғалысы жабылған.

Оқиғаның салдары туралы мәліметтерді жергілікті билік хабарлады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де үйінді астынан 20 көлік табылды. Оқиға орнында зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда. 

Талқылау