Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Құлыбаевтың компаниясына газ бағасын қымбатқа сатқаны үшін 1 миллиард теңге айыппұл салынды

Атырау облысында "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-не газды қымбатқа сатқаны үшін 1 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Белгілі болғандай бұл компанияның бірнеше пайыз акциясы Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pixabay

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, Атырау облысы бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде сұйытылған мұнай газы нарығында заң бұзушылық фактісі анықталған.

"2024 жылғы 5 наурыздағы шешіммен Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. 955 миллион теңгеден астам көлемде монополиялық табыс тәркіленді және 162 миллион теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.



Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Анық болғандай компания "Joint Technologies" ЖШС кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың қарамағында болып шықты. 2023 жылдың мамыр айында компания сот шешімі бойынша мемлекетке, дәлірек айтсақ, Атырау мұнай өңдеу зауытына, аукционда 5,75 млрд теңгеге сатып алған 50 пайыздық үлесін қайтарып берді.

2024 жылдың қаңтарында “Joint Technologies” компаниясымен "сұйытылған мұнай газын сақтау паркі "ЖШС үлесінің 50%-сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін"бюджетке 1,7 млрд теңге көлемінде айыппұл төледі. 

Қазіргі уақытта "сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің” 50% - ы Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі. Ал “Joint Technologies” компаниясында шамамен 35% акциясы сақталған. 

Талқылау