Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: "Бавария" мен "Реал Мадрид" жартылай финалдың алғашқы ойынында тең түсті

Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы матчында жеңімпаздар анықталмады. Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясындағы алғашқы матчында жеңімпаз команда анықталмай, "Бавария" мен "Реал Мадрид" тең тарқасты. Мюнхенде өткен ойында есепті алғашқы болып “Реал” командасының ойыншысы Винисиус Жуниор ашты. Ол 24-минутта Тони Кросстың пасынан кейін қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Дегенмен екінші таймда алаң иелері есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. 53-минутта Лерой Сане гол соқса, 57-минутта Харри Кейн 11 метрлік айып добын дәл орындап, есепті еселеді. Дегенмен 82-минутта бавариялық команда ойын ережесін өрескел бұзып, төреші 11 метрлік айып добын тағайындады. Сөйтіп Винисиус Жуниор мүлт кетпей, командасын жеңілістен сақтап қалды. Осылайша, қос команда тең тарқасты.

Айта кетейік, "Бавария" мен "Реал Мадрид"  арасындағы қарымта ойын 9 мамыр күні, “Сантьяго Бернабеу” стадионында өтеді.  

 

Талқылау