Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тірі малды өлекселермен бірге ұстайды": Алматы маңындағы үй жануарларының жағдайы жаға ұстатты (видео)

Қырғауылды ауылының тұрғындары үй жануарларының жантүршігерлік жағдайының куәсі болды. Шаруашылық иелері жылқыларды сұмдық жағдайда ұстаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Бейнежазбадан жылқылар мен шошқалардың өз нәжістеріне батып жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйдің ауласында үй жануарларларынан бөлек, торайлардың өлексесі де жатады. 

“Қырғауылды ауылы, Бірлік көшесі. Мынау сұмдық! Тірі малды өлекселермен бірге ұстайды. Бұл мәселенің шешімін таппай келе жатқанына біраз жыл болды. Дәлірек айтсақ, бұл туралы бүгін ғана білдік. Лай мен тазалықтың жоқтығынан шығып жатқан иіс деп ойлады. Бірақ мұнда өлекселер жатыр екен. Қолаңса, сасық иіс. Жануарлар ақырындап қырылып жатыр. Тұрғындар шара қолдануды талап етіп жатыр”, – дейді видеода.

Тұрғындар видео астына ауыл маңынан жағымсыз иіс шығып жатқанын жазған. Олар бұл мәселе бойынша түрлі мемлекеттік органдарға хабарласқан. Алайда шаруашылық иесін жөнге салатындар табылмады. 

Алматы облысының әкімдігінің мәліметінше, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары тұрғындардың жағымсыз иіске қатысты шағымы бойынша мал иесінің өзімен сөйлескен. 

“Нәтижесінде шошқа мен жылқыларды сату туралы келісімге қол қойылды. Қазірдің өзінде 42 шошқа тасымалданды. Ендігі кезек жылқыларда. Жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветеринарлық пункттің бақылауында. Жануарлар панажайға жіберіледі. Аудан әкімдігі тарапынан көлік мәселесі шешілді”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Енді шаруашылық иесі бір айда барлық шошқаны сатып, үйдің аумағын тазартуға міндетті. 

Талқылау